Мектеп тарихы » "О.Мухаммадий атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"О.Мухаммадий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
март
2021

Мектеп тарихы

Мектеп тарихы

       Ават ауылының тарихы ұлы Жібек жолы тарихымен тығыз байланысты. Олай деп айтудағы себеп, 1882 жылы ұйғыр халқы Қытай Республикасынан Қазақстан жеріне қоныстанды. Ол кездерде қазіргі Ават ауылының орнында дала болған.  1928 жылдан 1931 жылдар аралығында 5 жылдық бағдарлама бойынша бірінші ұйымдастыру жұмыстары басталған. Сол кездерде Ават ауылына Абдрахмановтар, Аршединовтар, Исмайиловтар және Мансур атаның отбасы қоныстанған. 1928 жылы Ават артелінде тұрғылықты адам саны көп болған жоқ. ВКПБ бұйрығына сәйкес олар артель құрған. Сол жылдары Қазақстанда феодолизмды жоқ қылу үшін орталықтан Голощекин мырза жіберіледі.  Ол кісіде әр ауыл аймақта өзінің адамдарын жұмыс істегенін қалаған. Жергілікті халыққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында аталған совхозға бір қанша комсомол үгіт-насихаттаушылар келеді. Солардың ішінде жергілікті халықтың бастауыш білімін жетілдіру үшін Юсупов Абдумажит Юсупович жіберілді. Сол бір қайта құру жылдарында  білім алатын орын жоқ болғандықтан, ескі мешіт білім ордасына айналады. 1928 жылы А.Ю. Юсуповтың тікелей байланысымен Ават темекі совхозында 4 жылдық  қазақ тілді бастауыш мектеп ашылды және бірінші мұғалім болып сол кісі тағайындалады.Ол кісі тек қана мектептің емес, сондай-ақ жергілікті халыққа үгіт-насихат жұмысын да жүргізіп отырды.
1931-1946 жылдар аралығында Еңбек қызыл Туы орденінің ковалері Қонқабаева Асем Қонқабайқызы жергілікті мектепті басқарады.  1946 жылы келген жас маман Муқан Темірғали ұлы Темирғалиев бастауыш сыныптарға сабақ берді. Сол жылдары мектеп Ават бастауыш мектебі болып аталған. 1940-1946 жылдарда репрессияға ұшыраған 26 ұлт өкілдері келді. Солардың ішінде грек, түрк, ингуш, поляк, шешендер келіп қоныстанды. Әр түрлі ұлт өкілдерінің қоныстануына байланысты 1946 жылы атаулы мектеп орыс-қазақ бастауыш мектебі болып өзгертілді. Сол жылдары орыс тілді мұғалім-мамандар жеткіліксіз болуына байланысты, жоғарыдан орыс сыныптарына сабақ беру үшін Лидия Васильевна Губанова жіберіледі.1946-1963 жж аралығында бастауыш мектепті Муқан Темірғали ұлы Темирғалиев  басқарды.
1962 жылы Ават Октябрь совхозының 3-отделениесі болған. Адам санының көбеюіне байланысты, Ават бастауыш мектебі 1963 жылы 8 жылдық екі тілді Ават мектебі болып өзгертілді және коммунист, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Мария ТелебайқызыТокушева  сол мектептің директоры болып тағайындалды. Мамандар жетіспегендіктен көптеген жас мамандарды шақыру керек болды. Сол себепті Талғар ауданынан келген коммунист, КГБ офицері , тарих пәнінің маманы Ақылбек Омарұлы Омаров  мектеп завучы болып тағайындалды. Төмендегі мұғалімдер өз мамандығы бойынша аталған мектепке жіберіледі:
Гимнастика спортының мастері Жакупова Римма Нурғалиқызы – дене шынықтыру пәні, Клименко Зоя Петровна – орыс тілі және әдебиеті пәні, Сауров Махмутжан Магамұлы – геграфия –биология пәні, Саурова София Аббасқызы – химия пәні, Баймағамбетов Жілкелді Галиакпарұлы – физика, математика және сызу пәндері, Баймағамбетова Сара  Рахметовна – аға пионер вожатый және 2-сынып мұғалімі, Масковченко Дмитрий – еңбек пәні, Миталипов Музаппар Миталипұлы – тарих пәні, Васьева Светлана Ивановна – орыс тілі пәндерінің мұғалімдері болды.
1965-1978 жылдар аралығында мектеп директоры және Жанашар ауылдық кешкі мектеп директоры болып Уали Абуович Абуов тағайындалды.  1964 жылы Ават ауылында құс-фабрикасы ашылғаннан кейін ауыл тез көркейе бастады. 1965 жылы жаңа мектептің қабырғасы қалана бастап, 1969 жылы аяқталды. 1970 жылы Ават орта мектебіболып қайта ашылды. Сол кездерде мектеп  директорының орынбасары Ушуров Емильян Ашимович, математика пәнінің  мұғалімі Ушурова Клара Каировна, АӘД мұғалімі Ходжа Азизұлы Шамахунов, математика пәнінің мұғалімдері Тихонова Зинаида, Лото Федоровна Файренбрух, биология пәнінің мұғаліміАлибекова Нина Ивановна  , химия пәнінің мұғалімі Алибеков Александр Сикимбекович, физика пәнінің  мұғалімі Пирогова Ж, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Валиев Каримжан Ибрагимович, еңбек пәнінің мұғалімдері Бондарев Иван Александрович және Тружков В.Г., мектептің оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізі үшін, Пирогов Александр Иванович, Л.А. Тружкова және А.Г. Бондаревалар келді.
1978-1982 жылдары мектепті Кальнбах Владимир Робертович басқарды.
1982-1983жж – Миталипов Музаппар Миталипович мектеп директоры болып тағайындалғаннан кейін Ават орта мектебіне Кеңес ұйғыр әдебиетінің негізін қалаушы, жаңашыл жазушы-ақын Омар Мухаммадийдың  аты берілді.
1984-1985 жж Дьятлова Лидия Дмитрьевна, 1985-1986жж Кальнбах Владимир Робертович, 1986-1998 жж Заирова Патима Аюповна, 1998-1999 жж Тружкова , 1999-2007жж Бақтыбаева Турар Турғанбайқызы  басқарды. 2007 жылы мектеп директоры Крылова Роза Евгеньевна . 2015- 2020 ж ж.Нурқасымова Айгүл Әлдебайқызы мектеп директоры болды.2021 жылы Нурмаханова Лазат Жуматаевна мектеп директоры болып тағайындалды.
Мектеп түлектері
Купчинский Александр –алтын белгі иегері, Томск университетінің түлегі
Попович Галина –алтын белгі иегері, Томск университетінің түлегі, Америкада НАСАде жұмыс істеді.
Перина Маргарита - алтын белгі иегері
Сатаева Ирина - алтын белгі иегері
Алибекова Марина - алтын белгі иегері
Купчинская Ирина - алтын белгі иегері
Крылов Александр - алтын белгі иегері, Новосибирск Академиялық қалашығының түлегі
Миталипов Шухрат – Темирязев атындағы Москва ауыл-шаруашылық академиясының түлегі.

Похожие публикации:

20 январь 2021 Диплом
30 апрель 2017 Конституция