Попечительский совет құрамына конкурс жариялайды. » "О.МухаммадийСредняя школа имени " КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"О.МухаммадийСредняя школа имени "
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Попечительский совет құрамына конкурс жариялайды.
08
август
2023

Попечительский совет құрамына конкурс жариялайды.

"О.МухаммадийСредняя школа имени " КММ қамқоршылық кеңес құрамына конкурс жариялайды. 
Құжаттар мектептің қабылдау бөлімінде қабылданады. Сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласыңыздар
64-2-97
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700015584


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі
№ 355 бұйрығына
1 қосымша

Мектепке дейінгі ұйымдарда Попечительский советтің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 01.03.2023 № 56 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

     
 1. Мектепке дейінгі ұйымдарда Попечительский советтің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес әзірленді және Попечительский советтің (бұдан әрі – Попечительский совет) қызметін ұйымдастыру және оны сайлау тәртібін айқындайды.
     
2. Попечительский совет мектепке дейінгі ұйымның дамуына ықпал ететін және мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару орган ретінде өз қызметін мына қағидаттар негізінде жүзеге асырады:
      1) тәуелсіздік;
      2) оның мүшелерінің өтеусіз негіздегі қызметі;
      3) еріктілік;
      4) ашықтық;
      5) жариялылық пен шынайылық.
      3. Попечительский советтің мүшелері өз қызметінде:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, осы Қағидалардың және өзге де нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтауға;
      2) өз қызметін мектепке дейінгі ұйыммен, жұртшылықпен, жергілікті атқарушы және өкілді органдармен, мүдделі мемлекеттік органдармен және өзге де жеке және/немесе заңды тұлғалармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асыруға міндетті.

2-тарау. Попечительский советті сайлау тәртібі

     
4. Попечительский советті тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган) құратын комиссия (бұдан әрі – Комиссия сайлайды.
      Попечительский советтің өкілеттік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
     
5. Комиссия мүшелерінің саны тақ санды құрайды, кемінде 7 (жеті) адам, оның ішінде мемлекеттік органдар өкілдерінің саны Попечительский совет мүшелерінің жалпы санының 2/3 (үштен екісінен) аспайды.
      Комиссия құрамына жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кіреді.
     
 6. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерінің арасынан оның бірінші отырысында сайланады, ол туралы хаттамалық шешім шығарылады.
      Комиссия хатшысы оның жұмысын ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның мүшесі болып табылмайды және дауыс беруге қатыспайды. Тиісті саланың уәкілетті органының немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органның қызметкері Комиссия хатшысы болып табылады.
     
 7. Комиссияның жалпы құрамының кемінде 2/3 (үштен екісі) қатысқан жағдайда Комиссияның отырысы өткізілген және оның шешімі заңды болып есептеледі.
      Комиссия шешімі Комиссия мүшелерінің жалпы санының дауыстар басымдылығымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Комиссияның барлық шешімдері хаттама түрінде рәсімделеді, оған төраға, отырысқа қатысқан комиссия мүшелері және хатшы қол қояды.
     
 8. Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Попечительский советтің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Попечительский советтің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
     

Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
      9. Үміткерлер Попечительский советті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) өтініш (еркін түрде);
      2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
      4) білімі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.
      Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
     
10. Попечительский советтің құрамына:
      1) мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушілерінің ата-аналары немесе заңды өкілдері (осы мектепке дейінгі ұйымның әрбір жастағы топтың тәрбиеленушілерінің бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – әрбір жастағы топтардың санынан аспайды;
      2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
      3) жергілікті өкілдік және/немесе атқарушы және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
      4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
      5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
      6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам кіреді.
     
11. Попечительский совет мүшелігіне үміткерлердің ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен мектепке дейінгі ұйымдар ұсынады.
      Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір жастағы топтан осы мектепке дейінгі ұйымдағы тәрбиеленушілердің бір ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілінен) осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі.
     
12. Комиссия өтініштерді беру мерзімі аяқталған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде үміткерлер ұсынған құжаттарды қарайды, үміткердің осы Қағидалардың 910 және 11-тармақтарына сәйкестігін бағалауды жүргізеді. Жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.
      Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Попечительский советті қалыптастыру күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
     
 13. Попечительский советтің сайланған құрамы тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган Комиссия хаттамалық шешім шығарған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бекітеді, сайланған құрамның тізімі олардың ресми интернет-ресурсында және білім беру ұйымдарында орналастырылады.