Бүгін – Еңбек күні. Бүгін елімізде Еңбек күні атап өтіледі. » "О.Мухаммадий атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"О.Мухаммадий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін – Еңбек күні. Бүгін елімізде Еңбек күні атап өтіледі.
24
сентябрь
2023

Бүгін – Еңбек күні. Бүгін елімізде Еңбек күні атап өтіледі.


   Бүгін, қыркүйек айының соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек  күні тойлануда.Бұл күні елімізде «Еңбек ардагері» «Қазақстанның Еңбек Ері» деген атақтар беріліп,еңбектер еленіп жатады. Еңбек – өмірлік құндылық  екені бәрімізге белгілі. Осы  орайда   Омар Мухаммадий  атындағы орта   мектепте  еңбек  етіп келе   жатқан  ерекше   тұлға жайында  айтқым келеді. Е.П.Саначева бірнеше жылдан  бері директордың  оқу-тәрбие істері  жөніндегі орынбасары  қызметін атқарып  жүр. Елена Петровна өз ісінің  шебері, жұмысына  адал. Жұмысын жауапкершілікпен, әрі  сүйіспеншілікпен орындайды. Үнемі ізденістегі тәжірибелі маман, өз тәжірибесін жас   мамандармен де бөлісіп отырады. Елена Петровна әрбір адамды түсінуге тырысады, көмегін аямайды. Талапшаң, қатал және  өте әділ. Кәсіби шебер тұлғаның осы ерекше   қасиеттері оған  деген құрмет пен сенімді ұялатады. Осындай өз ісіне адал адамдарға «Өз ісінің – майталманы!  Нағыз-мұғалім» десе керек.