«МИФ пәндер онкүндігі» » "О.Мухаммадий атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"О.Мухаммадий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
декабрь
2021

«МИФ пәндер онкүндігі»

Мектептің оқу — тәрбие үрдісінде пәндік бірлестіктердің атқаратын жұмыстарының маңызы зор екендігі белгілі. Әдістемелік бірлестік жұмысының негізгі түрлерінің бірі — пән онкүндіктерін  өткізу. Біздің мектебімізде де барлық пәндер бойынша пәндік онкүндіктер өткізу дәстүрге айналған. Осы орайда, мектебімізде нақты ғылымдар — математика, информатика және физика пәндерінің «Білімді ұрпақ – ертеңгі болашақ» атты онкүндігі өткізілді.
Мазмұнды да әрі тартымды өткен  онкүндіктың мақсаты — математика, информатика және физика сабақтарында, сабақтан тыс іс-шараларда оқытудың заманауи тәсілдерін қолдана отырып, оқушылардың білімге деген, нақты ғылымдарға деген қызығушылықтарын арттырып, ізденістері мен танымдарын қалыптастыру, жан-жақты жетілдіру, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту болды.
Онкүндік  барысында COVID -19-ға  байланысты барлық талаптарды сақтай отырып, мұғалімдер ұйымдастырған барлық іс-шаралар, яғни интеллектуалды сайыстар мен сыныптан тыс іс- шаралар, пікір сайыстары мен ашық сабақтар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өткізілді. Оқушыларымыз белсенділік танытты. Мұғалімдерімізге рахмет айтамыз.