Аудандық пән олимпиада қорытындысы » "О.Мухаммадий атындағы орта мектеп" КММ
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"О.Мухаммадий атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
февраль
2023

Аудандық пән олимпиада қорытындысы

2022-2023 ОҚУ ЖЫЛЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН ПӘНДЕР БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ЕКІНШІ (АУДАНДЫҚ/ҚАЛАЛЫҚ) КЕЗЕҢІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші (аудандық/қалалық) кезеңі ағымдағы жылдың 30 қаңтарынан 3 ақпанына дейін өтеді.
Олимпиаданың мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен практикалық дағдыларын тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру болып табылады.
Олимпиада 15 пән бойынша өткізіледі: 
- жаратылыстану-математикалық бағыт - математика, физика, химия, биология, география, информатика;
- қоғамдық-гуманитарлық бағыт - қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.
Олимпиаданың екінші аудандық кезеңі классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде, өткізу кестесіне сәйкес, бір турда өткізілетін болады. Екінші (аудандық/қалалық) кезеңді ауданның (қаланың) білім бөлімдері аудандық немесе қалалық деңгейде өткізеді.

«2022-2023 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың екінші кезеңі өткізу туралы 2023 жылдың 31 қаңтарда  Еңбекшіқазақ ауданы мектептерінің ауданы арасында аудандық пәндік олимпиада 9-10-11 сынып оқушылары арасында  өткізілді.
Соның ішінде "Аймен"  жалпы білім беретін мектепте пән бойынша дарынды  балалар анықталып, мұғалім жұмысының нәтижесіне сараптама жасау мақсатымен олимпиаданың  аудандық кезеңінде  төмендегі пән мұғалімдерінің оқушылары жүлделі орындарға ие болды. 
Ағылышын тілі  - 11 сынып  Болат Тамерлан  І орын (Курбанов С.Я). Информатика- 9 сынып Гарифуллин Р. - ІІІ орын (Ахметов Р.А). Физика - Мейрамбек Абляхат  9 сынып - 3 орын  (Заирова О.И)